Заурбеков Сабитхан Адилович » Жангелдин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жангелдин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 4-05-79
Есепші бөлімі:
+7(72770) 4-05-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Заурбеков Сабитхан Адилович

Заурбеков Сабитхан Адилович 1958 жылы 1 тамызда Алматы облысы, Жамбыл ауданы.Сергеевка ауылында дүниеге келді. Ұлты: қазақ.
Мекен жайы: Жамбыл ауданы, Бесмойнақ ауылы, Айтқұловтар көшесі №45
Білімі: жоғары, Абай атын.КазПИ, «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі»
1965-1975 жылдары Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сергеевка ауылы, Жангелдин атындағы орта мектепте білім алды. 1975-1976 жылдары Жамбыл облысындағы Беріктас кеңшарында жұмыс істеді. 1976 жылы Ленин атындағы политехникалық институтқа түсіп, 1981 жылы аталған институтті
«гидрогеология және инженер -гидрогеолог» мамандықтары бойынша бітірді. 1981-1982 жылдары Беріктас кеңшарында гидротехник болып жұмыс істеді. 1982 жылдан 1984 жылға дейін ол Алматы гидрогеологиялық экспедициясының инженер-гидрогеолог лауазымын атқарды. 1984 жылы Жангелдин орта мектебіне дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына филология факултетіне сырттай оқуға түсіп, 1990 жылы институтты «ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 1989-1990 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1990-1993 жылдары директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 1993-1995 жылдары Бесмойнақ ауыл әкімшілігінің басшысы болды. 1995 жылдан бастап ол Жангелдин атындағы орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 2001 жылы директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2009 жылы сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Сұңқар орта мектебінің директоры болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жангелдин атындағы орта мектебінің директоры.
Жалпы жұмыс өтілі 46 жыл
Саладағы жұмыс өтілі 37 жыл
Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі 31жыл.
Отбасылық жағдайы- үйленген, 5 баласы бар.